Терезе алдындағы "кішкене бақшамыз" көз қуантып, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Оларды дұрыс күтіп, гүлдер өздерін жақсы сезінуі үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бүгінгі материалда гүлдерді өсіруде қандай тыңайтқыштар қолдануға болатынын жазамыз.
Қант
Қант — бөлме гүлдерін құнарландыру үшін қолданылатын табиғи тыңайтқыштардың бірі. Қантты топыраққа себеді немесе сумен араластырады. Егер сумен араластыратын болсаңыз, 10 гр қантты 200 мл суда ерітіңіз. Бұл ерітіндімен гүлді аптасына екі рет суару қажет. Сонымен қатар, дәріханадан глюкоза сатып алып, 1 таблетка глюкозаны 1 л суда ерітіп, бөлме гүлдерін суаруға болады. Мұндай ерітінділерді гүлдердің жапырақтарына шашуға да болады. Бұл ерітінділер әлсіз және ауырып тұрған гүлдерге жақсы көмектеседі. Ал мықты бөлме өсімдіктері мұндай тыңайтқышты қажет етпейді.
Кофе
Кофе ішкен соң қалдығын төкпеңіз, оны топырақпен араластырыңыз. Бұл тыңайтқыштан соң топырақ борпылдақ бола түседі. Сонымен қатар, топырақтың қышқылдығы артып, гүлде де қы