Жер бетіндегі адамдардың саны қаншалықты көп болса, мінездері де түрліше. Мінездерін жақсы, жаман деп бөліп айту қиын. Мұнымен қатар бұл адамдар біздің өмірімізге өзгеріс енгізеді. Сол себепті досты таңдау кезінде абай болғанымыз жөн. Олай болса төмендегі 7 мінезді адамнан қашық болайық:
1. Сыншылар. Сізге ұнаған ғажап құбылысты жағымсыз деп есептейтін жандар бар. Біреуді «Талантты, болашағы зор» деп бағаласаңыз, сыншы досыңыз оны «Нағыз ақымақ» дейді. Олар үнемі біреумен сөз таластырмаса, тұра алмайды. Мұнымен қоймай, өзімен келіспейтін адамдарды «Нағыз ақымақтың өзі» деп санайды.
Несімен қауіпті: Олар әлем мен жанындағы адамдарды өзінің қалауына сәйкес өзгертіп алғысы келеді. Бұл жандар адамдар әртүрлі болған сайын өмір де ерекше болатындығын мойындамайды. Олар сөз таластыру барысында жинаған негативті эмоциямен қоректенеді.
2. Нәркестер. Бұл адамдар өзін жер әлемнің патшасындай сезінеді. Жоғарыдағы сыншылар секілді адамдарды өз дегенімен жүргізгенді ұнатады. Бірақ қу деуге келме