Күн сайын артық салмақпен күресіп жүрген арулар көмірсу атаулысының қаупімен жақсы таныс. Арықтау кезінде көмірсуға "жоқ" деп, оны рационыңыздан мүлдем алып тастаған қаншалықты дұрыс?
Көмірсулар жеміс-жидектерде, көкөністерде, нан мен бұршақта, басқа да күнделікті рационымыздағы тағамдарда міндетті түрде болады. Сол себепті ол артық салмақ қосады екен деп, көмірсулардан мүлдем бас тартқан дұрыс емес. Көмірсулар ағзаның дұрыс жұмысы үшін өте қажет, алайда арықтауға да бөгет болатындығы рас. Осы жерде "алтын ортаны" тауып, денсаулыққа да зақым тигізбей, артық салмақтан да сақтанудың жолын іздейік.
Біріншіден, көмірсу не үшін қажет? Көмірсу денемізді 60%-ға энергиямен қамтамасыз ететін күш-қуаттың бірден-бір қайнар көзі. Бауырмен синтезделетін глюкоза көмірсуының 70%-ы ми жұмысы үшін қажет. Ағзамыздың РНҚ және ДНҚ гендері де көмірсулардан тұрады. Күрделі көмірсулар клетчатка ретінде ас қорыту жүйесіне өте қажет, сонымен қатар қатерлі аурулардың алдын алады. Әрқайсымызға бір күнге 300-