Жүктілікке дейінгі сымбатыңыздың ізім-қайым жоғалғанын аңғардыңыз ба? Артық салмақ өз алдына, ұйқысыздықтың салдарынан бетіңіз бозарып, көзіңіздің асты қарайып, теріңіз құрғап кеткенін байқадыңыз ба? Онда тез арада қимылдау қажет. Мұның бәрін ағзаңыздың дабыл белгісі деп қабылдаңыз. Өйткені, жыл бойы сізге қажетті дәрумендерге сәбиіңіз ортақтасқандықтан, әрбір мүшеңіздің оған деген сұранысы артады.
Сонымен, өзіңізді өзіңіз қолға алуға бел будыңыз ба? Онда іске кірісейік. Ескерте кетейін, қалыпқа келу — өте ұзақ әрі жай жүретін процесс болғандықтан, бірден ғажайып сұлулыққа ие болудан дәмеленбеңіз. Шыдамдылық — сіздің басты көмекшіңіз болсын!
Бет күтімi:
Әйелдердің көбінде дерлік бетінде пигментті дақтар пайда болады. Әдетте, ол босанғаннан кейін өздігінен жоғалып кетуі керек. Олай болмаса, табиғи құралдардың көмегін пайдаланып көріңіз. Мәселен, қыз-келіншектердің арасында танымал ашытқы маскасының беделі зор. Ол бетті нәрлендіріп, дақтардан құтылуға көмектеседі. 1 шай қасық ашы