Әйел затын түсіну қиын деп жатамыз. Алайда ер адамдар да әйелдер үшін жұмбақ болып келеді. Бір-бірін жеткілікті танымағандықтан, ер мен әйел арасында түсініспеушіліктер жиі туындап тұрады.
Ер адамға ғашық көзбен қарайтын әйел оның кемшіліктерін көрмей жатады. Ондай жағдайда адам типологиясын психологиялық тұрғыда талдау көмектеседі. Ер адамдардың негізгі типтері қандай?
Отағасы
Бұл ердің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Ол үй шаруасына епті, жөндеуді сапалы жасай біледі, саяжайды ұқыпты ұстай алады. Жазда қысқа дайындалып, үйге қажетті заттарды сатып алады. Балалармен ойнап, жуындырып, сабағын қадағалап, ұйықтата да алады. Әйелі шаршаса, көмектесуге дайын. Мұндай ер адам жұмыссыз не жұмысының табысы әйелінен азырақ болуы мүмкін. Мансапта жолы болмағандықтан, жасқаншақтау болуы мүмкін. Әйелін қызғанатындықтан, жиі ұрыс-керіс туындап тұрады.
Өз ісінің шебері
Ол өте ақылды, мақсатқа берік әрі ой-өрісі дамыған. Өз мамандығының майталманы. Алайда үй шаруасына жоқ. Отбасы мәселесі де ауыр