1. Дүкенде ұзын кезекте тұрсыз, дәл сол кезде - жаңа кезек құрылды. Ал сіз – біріншісіз.
2. Ұйықтап қалып, жұмысқа кешігіп бардыңыз, соңғы ескертуді алуға дайынсыз - ал бастық әлі өз орнында жоқ.
3. «Оп!» — мінеки, қазір ғана мазаны алған шыбынды ұстап алдыңыз.
4. Орманға қыдыруға бардыңыз— саңырауқұлақ теріп кеттіңіз.
5. Қалтаңыздан плеерді алып қарайсыз, ал құлаққап шырматыла қоймаған.
6. Құжаттарыңызды жоғалтып алғансыз, ал бейтаныс біреу сізге қоңырау шалып, тауып алғанын айтуда.
7. Студенттік фотоальбомға көзіңіз түсіп кетті — жарты сағат сосын жастық шақтың ішінде жүрсіз.
8. Маңызды бір нәрсе дәл уақытында есіңізге түсіп отыр.
9. Маса қолыңызға қонып, біз тұмсығын сұға бастады, бірақ ол әлі өзінің бірнеше секундтан соң өлім жазасына кесілетінін білмейді.
10. Көлік тізгінін кептеліс болып жатқан өз жолыңыздан өзге жолға бұрдыңыз, ал сізді беймәлім біреу өткізіп жіберуде.
11. Торта шабақтың ішін ашсаңыз — іші уылдырық. Шабақ балықтың ішін ашсаңыз — іші сүт толы.
12. Тұз