Ұштанған шаш кез келген шаш сәнінің сымбатын бұзып, көзге оғаш етіп көрсете алады. Қазіргі кезде арулардың шаштарына байланысты басты қиындықтары осы. Ал шашын өсіремін деушілер бұл қиындыққа мүлдем дауа таба алмай жатады. Алайда бұл мәселенің де шешімі бар. Мына кеңестер сізге ұшталған шашпен күресуде көмектеседі.
Шаштың қажетті мөлшерде ылғал алатындығына көз жеткізіңіз. Ол үшін күніне 2 литрдан кем емес су ішіп, құрамында дәрумендер мен минералдар болатын тағамдарды жеген жөн.
Шашқа арналған кондиционер. Әр кез шашыңызды жуғаннан кейін кондиционер қолдануды ұмытпаңыз. Себебі сусабын әсерінен шаш құрғап, ылғалдан айырылады. Ал кондиционер шашты ылғалдандырып, тез өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шаштың ұштануының алдын алады.
Сусабынды барынша аз қолдануға тырысыңыз. Тым жиі не тым көп мөлшерде қолданылған сусабын шаштың табиғи майлы қорғаныс қабатын жұқартып, ұштануына әкеледі. Шашыңызды екі не үш күнде бір рет жуған дұрыс. Әрине бұл шашыңыздың майлығына, бас терісінің түр