Найти тему
Paydalı keñester

Жүктілік кезіндегі қаназдық (анемия)

Жүктілік кезінде баланың толық дамуы үшін толықтай оттегі (ауа) қажет. Жүктілік кезіндегі анемия балаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан, дәрігерлер болашақ ананың қанындағы гемоглабинді үнемі бақылауда ұстайды.

Жүктілік кезіндегі анемияның белгілері
Әлсіздік, бас айналу, жүрек соғысының жиілеуі
Тез шаршау
Бас аурулары
Терінің және ауыз қуысының құрғауы
Шаштың нашарлауы
Қыжыл, асқазанның ауырсынуы
Анемияның ауыр түрінде энурез (шыжың) жүреді

Анемияның алдын алу
Анемияны дұрыс тамақтану арқылы алдын алуға болады. Құрамында темір және ақуызы көп тағамдарды тұтынған дұрыс. Жүкті әйелдің диетасын: майсыз ет, балық, ірімшік, жұмыртқа, сиырдың бауыры, картоп және қырыққабат, анар, алма және алмұрт қамтуы жөн.

Жүктілік кезіндегі анемия несімен қауіпті?
Жүктілік кезіндегі анемия токсикоз ауруын тудыруы мүмкін
Ұрықтың жатырда дамуының кешігуі (25%)
Анемия мерзімінен бұрын босану қаупін арттырады (21,5%)
Босану кезінде қан кету қаупі 3-4 есе арта түседі
Босанғаннан кейін жұқпалы асқынулар және емшек сүтінің жеткіліксіздігі
Анемия кезінде баланың шетінеу (өлі туылуы) қаупі (11,5%)

Анемияны емдеу
Анемияны емдеу дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс. Әрбір жағдайда, ол дәріні, оның мөлшерін, қабылдау уақытын, сондай-ақ қан сынақтары арқылы емдеудің тиімділігін бақылайды. Анемияны емдеу орта есеппен 5-8 аптаға созылатын ұзақ процесс. Қандағы гемоглабин қалыпты болғанша емделуді қажет етеді. Анемия кезінде екпеден бұрын, құрамында темір бар дәрілерді тағайындайды. Жүктілік кезіндегі анемияда қан құю тек қана ананың өміріне қауіп төнген жағдайда ғана жүзеге асырылады.