Найти тему
Paydalı keñester

Сіздер қалағанды жігіттер де қалайды

- Көлігі болса, үйі болса
- Ақшасы көп болса
- Жұмысы болса
- Менен басқа ешкімді сүймесе
- Ішпесе
- Шекпесе

Бұл сіздердің талаптарыңыз, қыздар. Сырттай білдіртпесеңіздер де қалау осы екені ақиқат.

Ал жігіттер ше?
- Тамақ жасай алса
- Үйімді таза ұстап, кимімді үтіктей алса
- Жұмысы маңызды емес, тәрбиесі болса
- Менен басқа ешкімді сүймесе
- Ішіп-шекпек түгілі олар жайлы білмесе

Қарапайым қалаулар ғана. Бірақ осы қалаулар ғой екі жақты қарым-қатынасты ұстайтын. Махаббат басында. Ал одан кейін керегі сыйластық. Сыйластық берік болу үшін осы талаптар үдесінен шығу керек.
Бақытты болу оңай деп кім айтты саған, қалқам?