Қазақтың бүгінгі күні ешбір проблемасы қалмағандай, көп қазақтар соңғы уақытта Шыңғысханның әлдеқашан қурап қалған сүйегін моңғол жерінен бері қарай сүйреуін доғармай келеді. Жаңа жылдың алдында «Шыңғыс ханды Моңғолиядан емес, батыстан іздеу керек» (Бейсенғазы Ұлықбек, 24.12.2020) деген тағы бір мақала шықты: https://zhasalash.kz/ruhaniyat/shyngys-handy-mongoliyadan-emes-batystan-izdeu-kerek-14045.html?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com Мақаланың астына «Мұны осы тақырыпты талай жылдар зерттеген орыс және әлем ғалымдары жазып келеді» деп жазып қойыпты. Бейсекең қазақтардың топастығына жыны қозып, аузынан ақ көбігі ағып «Шыңғысхан – қыпшақ», оның ордасы болған «Қарақорым» мына Тараздың қасындағы «Баласағұн» деп мүлде «тың» дерек айтады. Шындық біреу ғана және оны бағанаға байлап қойып сабауға болмайды, өліп қалуы мүмкін. 1253-1255 жылдары француз королы Людовик IXтапсырмасымен жүрген жерінің бәрін мұқият картаға түсіріп отырған фламандиялық монах-францискандық Гильом де Рубрук (Guillaume de Rubrouck, 1220-1293, «Путешествие в восточные страны» кітабының авторы) «моалам» деп атаған моңғол жеріндегі «Қарақорымға» барғаны анық жазылады. Рубруктен басқа венециандық көпес Марко Поло (Marco Polo, 1254-1324) және т.б. еуропалық саяхатшылардың Қарақорым және Пекинде болғаны туралы тарихи деректер бар. Ол көне тарихтардың бәрін өртеп жібере алмайсың. Жарайды, Шыңғысхан – қыпшақ, Ақсақ Темір – найман-барлас бола қойсын. Одан қазақтың жағдайы күрт жақсарып, елімізде парақорлық азайып, қазақтар қазақ тілінде сөйлейтін патриотизм пайда болатын болса, жеке өз басым білек сыбанып осы тарихты түбіне дейін зерттейтін едім. Бірақ жазылған тарих ешқашан өзгермейтінін білемін, оны өзгертемін деу құр бос әурешілік. 1932-33 жж. ұлы ашаршылықта, тіпті қазіргі уақытта да, талай қазақтарды өз бауырларына басып отырған моңғол бауырларымызды «орманнан шыққан бір уыс халхалық буряттар» деп кекетіп-мұқату, меніңше барып тұрған азғындық деп айтар едім. Егер Шыңғысхан тіріліп кетсе, ең бірінші осы «қазақпыз» деп қотыраңдап-қоразданып жүргендердің тілін кесер еді. Бір азғындардың кесірінен, бүкіл еліміз «Ұлы аруақтарды қорлап» налаға ұшырамай тұрғанда, қойсаңдаршы, қазақтар, өзеуремей!
428-ші Қара пайым-сөз: «Шыңғысханды қазақ қыламыз» деп кейбір қазақтар «жындана» бастаған сияқты
12 января 202112 янв 2021
2
1 мин
Қазақтың бүгінгі күні ешбір проблемасы қалмағандай, көп қазақтар соңғы уақытта Шыңғысханның әлдеқашан қурап қалған сүйегін моңғол жерінен бері қарай сүйреуін доғармай келеді. Жаңа жылдың алдында «Шыңғыс ханды Моңғолиядан емес, батыстан іздеу керек» (Бейсенғазы Ұлықбек, 24.12.2020) деген тағы бір мақала шықты: