Жазбаларым ұзақ болмау үшін ойларымды сығымдап қысқа жазатындықтан, мәтін арасындағы ойларым кейде түсініксіз көрінеді. Тек интеллектісі жетілгендер ғана қысқа жазылған ойларымның арғы жағындағысын көре алады. Абылай Бейсенбиев бауырым: «Бұл ойыңның ар жағында ата тарихымызды мансұқ етіп, тек 1991 жылдан бері қарай ғана оқыту керек деп, қазақты мәңгүрттендіруді насихаттап жүргендердің саясатын қолдау идеясы жатқанын көріп, қынжылып отырмын» – деп мені бір Шыңғысханды оқымаған топас, надан қылып көрсетуге тырысыпты. Ойымды түсінбегені көрініп тұр. Шыңғысханның – бурят, моңғол, қазақ, қыпшақ, тіпті орыс болғаны да маңызды емес. Маңыздысы – әре-тәре боп көрінгенге жем болған түркі жұртын Шыңғысханның империя дәрежесіне көтергені. Түркі жұрты Шыңғысханнан қалған мұраға итше таласып өзара қырылысып жатқанда, батыс еуропа мен орыстар «Шыңғысханның моделін» жете зерттеп, оның амалдарын қолданып, жұмыр жер шарын түгел жаулап алды. Менің күйінетінім – қазақтардың сол «Шыңғысхан моделін» зерттеудің орнына, оны «қазақ» деп көрсетуге күш-қуатын текке жұмсап жатқандығы. Таңғұттың түрмесінде пәлен жыл кісенделіп жатса да, сағы сынбай, одан қашып шығып, түркі жұртын үлкен Ел қылды, ақыр соңында сол Таңғұт елін түгелімен жойып жіберді. Бір адам да тарихты өзгерте алатынын көріп отырмыз. Сол адам қазір арамызда жүр, бірақ өзінде «Үлкен Рух» бар екенін білмейді және солай өмірден өтіп кетуі де мүмкін. Бүкіл қазақ ғалымдары жабылып зерттегенде ғана «Шыңғысхан моделінің» сыры ашылады. Тек сонда ғана қазақпен азулы елдер санасады, жеріне көз алартпайды, тіпті қорқатын болады. Сондай күшті Рухты беретін – Шыңғысханның дара тұлғасы. Қазақты одан әрі қанауды ғана ойлаған қорқау емес, бағын жандыру үшін жанын шүберекке түйген шын азамат таққа отырғанда ғана, жағдай түзеледі. Бірақ қазіргідей көлеңкесінен қорқатын қазақ қоғамы «Ерді кебенек ішінен танитын» қасиетін жоғалтып алды. Халықтың бірігу, ел болу ниеті болмаса, қанша батыр шықса да қазақты ел қыла алмайды. Менің алдыңғы жазбамда айтайын дегенім осы болған...
429-шы Қара пайым-сөз: Шыңғысхан сияқты бір адам – тарихты өзгерте алатынына сену керек!
14 января 202114 янв 2021
2
1 мин
Жазбаларым ұзақ болмау үшін ойларымды сығымдап қысқа жазатындықтан, мәтін арасындағы ойларым кейде түсініксіз көрінеді. Тек интеллектісі жетілгендер ғана қысқа жазылған ойларымның арғы жағындағысын көре алады. Абылай Бейсенбиев бауырым: «Бұл ойыңның ар жағында ата тарихымызды мансұқ етіп, тек 1991 жылдан бері қарай ғана оқыту керек деп, қазақты мәңгүрттендіруді насихаттап жүргендердің саясатын