Пештегі печенье күйіп кетпес үшін форманың астына аздап тұз сепкен жөн.
Жұмыртқа жарылған жерінен ағып кетпес үшін оны тұздалған суда қайнатсақ болғаны.
Кілемнің үстіне бірнеше уыс тұзды сеуіп, кейін шаңсорғышпен тазалап алсақ, кілем әдемі тазаланады.
Жұмыртқаның ағын әдемі араластыру үшін оған кішкене майда тұз қосыңыз.
Ескі шайдан қалған дақты кетіруге ыстық тұз су көмектеседі.
Кесілген алма қарайып кетпес үшін оған аздап тұз су құйса болғаны.
Бір шымшым тұз сүтті ашып кетуден қорғайды.
Қамыстан және сабаннан жасалған заттардағы кір құрғақ тұзбен кетеді, одан кейін олар жап жаңа болып шығады.
Кесілген пиязға тұз сеуіп салып қойсаңыз жаңа кесілгендей болады.
Егер сүт күйіңкіресе,онда оған аздап тұз қосыңыз да суытыңыз. Сүттің дәмі жақсарады.
Егер нан салғышқа картоптың кішкене бөлшегі мен тұз салып қойсаңыз, нан баяулау көгереді.
Піспеген жұмыртқаның балғындығы былай тексеріледі: стаканда бір ас қасық тұзды ерітіңіз, балғын жұмыртқа мұндай ерітіндіде стаканның түбіне түседі, бұзылғаны стакан бетінде жүзіп жүреді, ал мүлдем бұзылған жұмыртқа стаканның орта белінде жүзеді.
Киімнің үтіктен күйген жерін мұздай сумен жуып, көп тұз сеуіп қою керек. 20 минуттан соң тұзды қағып тастап, киімді шайып жіберсе болғаны