Найти тему
Paydalı keñester

Піскен нанды сақтаудың жолдары.....

Әдетте нанды тоңазытқышта сақтағанды жөн көріп жатамыз, әсіресе, жаз мезгілінде тоңазытқышсыз күніміз жоқтай сезіледі.

Көп адамдар нан дымқылдық жоқтықтан құрғап кетеді деп ойлайды. Осы ойдың жетегімен тоңазытқышқа салып қою дұрыс шешім деп ойласаңыз, қателесесіз. Кейде нан дымқыл ортада бұзылып кетіп жатады. Әсіресе, нөлден төмен температурада тез құрғайды. Яғни, тоңазытқышқа сену арқылы осы үдерісті одан әрмен тездетіп жіберіп отырсыз. Нан құрамындағы крахмалдан дымқылдылық кеткенде, бойындағы молекулалар өзгеріске түседі де, нәтижесінде қатайып, бастапқы қалпын жоғалтады. Дей тұрғанмен, тоңазытқыш температурасының көгеру процесін баяулататындығы ақиқат.

Нанды сақтаудағы басқа да қателіктер:

1. Полиэтилен қапшықтарда сақтауға;

2. Жылыту жүйлеріне жақын жерде сақтауға;

3. Күн сәулесі жақсы түсетін жерде сақтауға болмайды.

Сондай-ақ, қара нан мен ақ нанды бірге сақтаушы болмаңыз. Олай болған жағдайда, тез көгеріп кететін болады.

Нанның жақсы сақталуы үшін қалтаға тазаланған картоп тіліндісін, кесілген алманы, аздаған тұзды немесе қант түйірін салып қойған жөн. Әрине, уақытысында ауыстырып тұруды ұмытпау керек. Нанда жағымсыз иістер пайда бола бастаса, лимон қабығына жүгініңіз.