Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіздер. Ауыра қалсаңыздар, мына дәрілер жаныңыздан табылсын.
1. Парацетамол
Парацетамол – әлемдегі ең әйгілі дәрі. Бұл дәрі негізінде Панадол, Эффералган секілді бірнеше дәрі шығарылады. Парацетомол бас, тіс ауруын басатын, сонымен қатар қызуды түсіретін дәрінің түрі. Оны кішкентай балалар да, ересектер де тұтынуға болады. Алайда ол бауыры ауыратын адамдарға кері әсерін тигізеді.
2. Іш өтсе – Лоперамид
Ішке бұл дәрінің әсері Имодиумнен кем емес. Есесіне бағасы оған қарағанда әлдеқайда арзан. Егер ішіңіз қатты өтсе, лоперамидтің 4 мг тұтыныңыз. Бір ескерте кететін жайт, 5 жасқа толмаған балаларға 2 мг артық ішуге болмайды.
3. Ағза тітіркенсе (аллергия) – Диазолин
Бұл бәрімізге белгілі Эриус дәрісінен кем түспейді. Аллергияға қарсы тұрады және іш ауруларының алдын алады. Бұл дәрінің арнайы кішкентай балаларға арналған түрі де бар.
4. Тыныштандыру үшін – Валерьянка
Валерьянканы қарапайым халық бұрыннан бері қолданып келеді. Дәрі