Күйеу деген — екі звоногын көтеріп үлгермесең, "10 рет звондап ала алмадым ғой!" деп нервіштететін адам; Күйеу деген — дәл түбінде тұрған токқа зарядчикті тығуға ерініп, "Соткамды зарядкаға қойшы" деп тапсырма беретін адам; Күйеу деген — өзі әжетханада 2 сағат отыратыны аздай, біз 2 минутқа кірсек, "Не істеп жатсың? Шықсай, мына бала жылап кетті ғой!" деп шыдамсызданатын адам; Күйеу деген — фитнеске жазылайыншы деп сұрансаң: "Тоғызыншы этаждан жаяу түсіп/шық, болмаса балдарды күніге садикке жаяу апарып/әкел. Сол — саған фитнес",- деп жауап беретін адам. Күйеу деген — гүл сыйламайсың деп ренжісең: "Неғыласың гүлді? Бәрібір солып қалады ғой",- деп оңай құтылғысы келетін адам; Күйеу деген — бір жаққа шығарда боянып жатсаң: "Тиер байыңа тидің, неменеге боянасың енді? Ананың бәрі химия, зиян ғой",- деп ұрсатын адам. Күйеу деген —тамақ дайын болмай кетсе: "Қашан пісед, қашан пісед?",- деп кухняда төбеңде тұрып алатын, ал тамақ дайын болса: "Қазір, ия, қазір",- деп залда жатып алатын