Қартайдым деп ұқпаңдар,
Зейнеткер жасқа шыққандар.
Солқылдап жүрек соғып тұр,
Жастықтың туын жықпаңдар.
Төсектен ерте тұрыңдар,
Қисайған қасты жұлыңдар.
Дақ түскен бетті опалап,
Жарқырап үйден шығыңдар.
Кезігіп қалса құрдасың,
Қалжың айтпай тұрмас шын.
Боялған көзді төңкеріп,
Мысын да оның бір басқын.
Самалмен тарап шашыңды,
Көк белдер қайда шақырды?!.
Ұмыта алмай жүрсің бе?!.
Алғашқы махаббатыңды.
Сырыңды өзге ұғар ма?!
Қу уақыт өтпей тұра ма?
Қызығып сенің бейнеңе,
Күрсініп жүрсін құдаң да.
Теңіздей толқып тербеліп,
Жадырап, жайнап гүлдендік.
Əттең-ай тəтті сол шақтар,
Кетпейді-ау тағы бір келіп.
Ғашық қып көпті кеткендер,
Бір жанды сүйіп өткендер.
Бақытты өмір сүріңдер,
Зейнетке аман жеткендер!