Найти в Дзене
Мурат Сайрамбеков

Дұға етемін әумин 🙌.

Бәрінен үмітімді үзсем де, Алланың мейірімінен үмітімді үзбеймін...

ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ДҰҒА!

Адамның сыртынан жасауға болатын жалғыз әрекет – дұға». «Дұға жасаудың өзі – ғибадат» (Тирмизи). Біреуге жасаған дұғаң – өзіңе жасаған жақсылығың. Өйткені, сен біреуге Алладан тілек тілесең, періштелер: «Әмин, саған да!» деп айтады екен (хадис).

Тіпті, хадисте: «Ең жылдам қабыл болатын дұға – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» делінген (Бұхари). Бұл – оның көзінше жасалған дұғадан жетпіс есе артық екендігі айтылады.

Біреуді ақ пейілмен, жүректен шығатын дұғамен, Аллаға жайылған алақанмен жақсы көру - абзал адамдардың істерінен...

Мені бағаламағанды,

Жанымды жаралағанды,

Сыртымнан қаралағанды Я,Алла,кешіре көр!

Жүрекке иман беріп,

Ойыма үнсіз еніп

Оларды мәңгілікке санамнан өшіре көр!

Қиын сәтте жанымнан табылғанға,

Мен үшін түн ұйықтамай сабылғанға,

Мені ойлап,уайымдап,дұға еткенге

Я,Алла жар бола көр!

Олардың қуанышын екі еселеп,

Бақытын екі өмірде арттыра көр!

Біреуді танып білмей сын айтпағын,

Өмірде ешкімдіде мұңайтпағын,

Бақытына адамның себеп болғын,Бұл өмірде ешкімді жылатпағын.

Ұмытпаңыз алдыңғы өміріңде

Бұдан үлкен қатал бір сынақ барын!!!