Найти в Дзене
Мурат Сайрамбеков

Қатыгездік.

Анаммен әкем екеуі бірге училищеде оқып жүріп танысып үйленген екен. Сегіз бала сүйген. Менен екі жас үлкен Медет атты ағам бар жəне төрт інім,екі сіңлім бар.Көз ашып,ес білгелі араққа сылқия тойып алып,тамағын дайындап,жылы төсегін селып беріп жатқан кінəсіз анамды итше тепкілеп жатқан əкемнің қатігез іс әрекеттерін көріп өстік. Анамның көп балалы деп алатын,пособиясын,көк тиынын қалдырмай ұрып соғып тартып алып кетіп құлқынына құятын əкесі бар үйде қандай береке,қандай жақсы көңілі күйі БОЛСЫН.Арақ ішкенімен қоса əкем ауылдың жесір əйелдеріне баратын көрінеді.Ондай сыбыстарды анам ауыл әйелдерінен естіп қалып жүрсе де көз жұматын еді бəріне.Бірде жетінші сыныпта оқимын,бір күнə әкемнің кезекті бір жанжалынансоң ,шашы алба жұлба болып,еңіреп отырған анама жаным ашып,мама мұндай əкенің барынан жоғы жақсы ажырасып кетейікші,бірнəрсе етіп жетілерміз әкесі өлген балаларда жетіліп жатырғой дегенімді əкем естіп қойып əкеңнің аузын ұрайын,тылақтай болып не ақыл айтып отырсың шешеңе деп мені дəу алақанымен жағымнан тартып жіберді. Сол сəтте əке деген асқар тау мен үшін бір жолға шағылып үгіліп жермен жексен болып құлап түсті . Сегіз бала бірде аш,бірде тоқ болып бір күн өтіп жататын. Ағам екеуміз өте намысшыл болдық. Мектепке барғанда үйде түнімен төбелес болғанын білдірмеуге тырысып,сабаққа дайындалып барамыз. Өтірік жымиып жүреміз сыныптастар алдында. Бірақ ұйқымыз қанбаған ,бейкүнə сəби жанарымыз солыңқы,іште уайым ұялап тұратын үнемі кешке тағы ұрыс керіс боладыау деген кішкентай іні сіңлілерімізге қорғаныш боламыз өзімізше. Анам біздің қамымыз үшін қант қызылшасының шабығына жұмысқа шығады. Каникулда естиярларымызды ертіп алады. Еңбек ақысын ақшалай бермейді ондағы басшыларда,қанттай аламыз,оны сатып киінеміз. Осылай жүріп ағам мектеп бітірді,оны оқыту қайдан мынандай жағдаймен. Ол ауылда бір жыл трактор айдап əскерге кетті. Мен мектепті алтын медалға аяқтадым. Арманым дəрігер болу еді. Мен арман арқалап Алматыға кетемін дегенде,Анамның жылағаны əлі күнге көз алдымда. Қызымау сенсіз мына бауырларыңа бас көз болып,мен жұмыста жүргенде кім қарайды,əкеңнің түрі анау деп анам біраз мені қимай қиналды. Мен анамды аяп,ағам келсін əскерден,сосынақ оқырмын деген оймен ауылда қалып қойдым. Ағам əскерден жүйкесі жұқарып,психологиясы мүлдем өзгеріп келді. Оның бұл жайы анамдыда меніде қатты алаңдатты. Ағам ешкімге ештеңеге қарамай бір вечерге барып көрші ауылдың қызын алып қашып келді. Қыздың ағасы қуып келіп,мынандай жұпыны алқаштың үйінде қарындасым қалмайды деп пəле шығарып алып кеткенімен қоймай милицияға арыз жазамын деп қолқа салып қорадағы жалғыз сиырды бұзауымен қоса алып кетті .Ағамды Алматыға жібердік анамның бауырына көмекші болып жұмыс істеп ең болмаса өзіне керекті қаражатты тапсын көпшіліктің ортасында жүріп бар жоқты əртүрлі қарым қатынасты көріп ұқсын дедік..Мен тағы бір жыл қызылшада жұмыс істеп, үйдегі анамды бауырларымды қимай,бір Аллаға аманат етіп мен де Алматыға жол тартып мединститутқа түсіп кеттім,қызыл дипломға аяқтадым. Қызылорданың бір жігіті мені қатты ұнатты менде оны сүйген едім,бас қосайық деген ұсынысын анама айтқанда,анам тағыда қызымау алысқа кетемін дегенің не,мынанша бауырларыңа біріненсоң бірі мектеп бітіріп арманға қанат қаққанда демеу болып жақында жүргенің дұрыс емеспе əлі жассыңғой біраз жұмыс істеп бізге көмектесші деп зар еңіреді. Қалдым. Аудан орталығында ауруханада врач болып істеп жүрдім. іні сіңлілерімді оқуға түсірдім. Өмір өте берді. жасым отыздан асыпта қалған кез еді. Бір күні анам қатты ауырып,жан сақтау бөліміне түсті. Өкпесі қатты қабынған деп жасанды аппаратпен демалып екі апта жаттыда қайран шешем,өмірінде тек азап жоқшылық көріп,алқаш күйеумен алысып,енді етек жиямба дегенде небәрі 55 жасында о дүниеге аттанып кете барды.Анамыздан қаперімде айрылып қалу бізге оңай тимеді. Қабырғамыз қайысты. Қайғырып əлі есеңгіреп жүрсек,анамның қырқы өтпей жатып ессіз əкеміз əйел аламын демесі барма.Бəрі бір ауыздан қарсы болып шулап жатқанда мен орнымнан атып тұрдымда,алыңызда сол қатынның қолына құрыңыз енді көзімізге көрінбей дедім əкемнің арақтан қуарып сұрланып кеуіп кеткен жүзіне тік қарап,анамды жоқтап еңіреген қайғыма қоса сол сəтте əкемнің баяғы кішкене кезімде анама ажырас деп айтқан сөзім үшін, қыз бала деп қарамай ,титтей жағымнан аяусыз тартып жібергені көз алдыма келе қалды.Сонымен анамның қырқы да өтті. Əкемнің алған əйелі жап жас,менің ағамның кластас қызы Алмагүл болып шықты. ол күйеуден ажырасып келіп отырған еді.Уақыт өте берді. Əкем жас əйелімен жарты жылдан артық тұра алмады. Ішкенін одан ары үдетті. Ауылда кіші ініммен бірге тұрып жүрді. Қанша жек көрсекте әке деген ұлы есімді құрметтеп,осындай алқаш мисыз болсада əкемді бір рет көрсем ғой деген арманды өмір бойы арқалап келе жатқан кейбір əкесіз жетімдердің сөзіне қарап,əкемізге керек жарағын əперіп барып қайтып жүрдік. Бірақ əкемнің бетінен сүймейтінмін. Ол да əке болып балам деп еміреніп біреуіміздің бетімізден сүйіп көтеріп көрмепті.Күндердің күнінде əкем удай мас болып ұйқтап жатып миына қан құйылып инсулть алды. Бір айдай ауруханада жатып үйге шықты. Сол жағы дерлік істемейді тілі қатты күрмеліп,сөзін толық жеткізе алмайды. Бауырым қарай алмаймын деді. Ағамда қолына алмайтынын ашып айтты,жеңгем қарсы. Ол кез де бір сіңлім күйеуде енесімен тұрады. Мен отырып қалған кəрі қызбын. Жас маман деп алған екі бөлмелі пəтерім бар. Əкемді қалаға əкеліп пенсиясына бір бөлмелі пəтер жалдап күтуші адаммен тұрғызып қойдым. Күнде кешке барамын халін білуге. памперс алып ыстық тамақ алып барамын. Бір күні əкем өте арып нашарлап кетіпті. Солыңқы жүзіне қарап отырып көп ойландым. Бұл менің анамның сүйіп үйленген жары ғой,өмірінде аз сəт болсын осы адаммен қуаныш сездіғой анам ,менің әкем ғой деген неше түрлі ойлар санамды алып жанарымнан жас ақса жүрегімнен қан аққандай егілдім. Əкемді өз пəтеріме алып кетіп,жақсы дəрігерлерді алып келіп өзімде қоса əрине,мықты емдер қабылдаттым. Бірақ əкем көп ұзамай қайтыс болды. Өлерінде қан қысымын өлшесем уже ең төменгі,болған жеріне жетіп қалған екен. Дереу скорий шақырдым. Əкем менің қолымнан бар күшімен қыса ұстап,қызым Əлиям менің,маған деген жек көрініш сезіміңді жойып,кешір мені деген сөздің соңын жұта жұта көз алдымда жүріп кетті. Əкемнің басын алдыма қойып,сенде мені кешір асқар тауым əкешім деп жылай бердім,жылай бердім. Міне мен осылай анамды жерлеп,əкемді жерлеп,іні сіңлілерімді үйлендіріп отырып қалдым .Өмір қандай қатігез деп өмірді жазғыра беруші едім,өмір емес адамдар қатігез екен. Кейде өз қолымыздан оңай келіп тұрған бақытқада жетуге бір адым жасамай беріліп жатамыз өмір ғой деп. Əр отбасы сүйіспеншілікпен тұрса деймін. Өмірінің соңына дейін өкініп өтер қателікке жол бермесе деймін еш пенде. Осыны ерлер тарапы тереңірек ойланып ұқса деймін.