Абай Құнанбаевтың жас кезіндегі фотосы табылыпты. 1868 жылы Омбыда түскен суретте ұлы ақын 23 жаста. Омбыға Абай қазақ делегациясы құрамында орыс патшасы ІІ Александрдың ұлы князь Владимирге сәлем беруге барған. Бұл фотоны алғаш рет ғалым Әлкей Марғұлан тауыпты және оны 1970 жылы газетте жариялапты. Бірақ коммунистік партия бұл жаңалықты жақтыртпай, сол күйі таралмай қалса керек. Енді "Караван" газеті оны қайта жариялап отыр.