Жан-жақты таратыңыздар, ағайын! Сіздерге Бауырымыз Нұрдәулеттің жүрегінен шыққан шығарманы ұсынғым келеді. Бұл бауырымыз небәрі 20-жаста. Студент. Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың "Маса" мысалынан артып түсетін дүние жазыпты. Ахмет Байтұрсынұлы атамызды үлгі тұтатын жастар бар екені жанымызға демеу болады. Осындай азаматтар барда еліміздің болашағы бар екен халқым!
📝ЕКІ МАСА
Қазақ:
Қараңғы басып ай сәулесі түскенде,
Бейқам, тыныш, жұлдызы көп түндерде.
Күндіз ұйықтап, ұйқым қашып ендігі,
Құлақ салдым белгісіз бір үндерге.
Далада жүр сырнай тартып шегіртке,
Үн шығарар күмбірлетіп кесіртке.
Көл жанында бақылдайды бақалар,
Шиқылдайды жап-жас қызылшақалар.
Бәрі ояу, ұйықтамаған ешбір зат,
Төбет қауып, кісінейді үйір ат.
Ұлы дала жырлап жатыр дастанын,
Тіршілікті маңайына жиып ап.
Ал бөлмеде тыныштық бар белгісіз,
Қап-қараңғы көзге салса көргісіз.
Тірлік қылып шаршап келген адамдар,
Тәтті ұйқыда мол байлыққа бергісіз.
Мен де қалғып баяу ғана көз ілдім,
Кең төсекке қанат жайып көсілдім.
Естіп қалып екі маса сыбырын,
Өн бойыма әңгімесін көшірдім.
1-ші маса:
Ей досым, естеймісің тыңдашы,
Ұйқыдағы адамдарға қарашы.
Пыр-пыр етіп мыңқ етпейді өздері,
Қане барып, қанын сорып талашы.
2-ші маса:
Ей, қойшы! Тойдым болды жетеді,
Басқа елге барып қайтсақ не етеді?
Сол баяғы қазақтардың қаны ма?
Көрсем болды, құсқым келіп кетеді.
1-ші маса:
Мұның не?! Кесірленіп не болған?
Өлтірер деп қорқамысың сен одан?
Қазақтікі қан емес пе ең таза?
Қашпа досым маубас оңай олжадан.
2-ші маса:
Жалықтым, жабықтым әбден түсінші,
Бұл мүсінді салған қандай мүсінші.
Мыңқ етпейді қан сорсамда шелектеп,
Сорғаныма міне ғасыр үшінші.
Кеттік жүрші басқа елге барайық,
Басқа жанды, жаңа қанды табайық.
Жер бетінде ұлт дегенің шексіз ғой,
Қызық көріп бүкіл елді шарлайық.
1-ші маса:
Ақымағым, сәл кішкене ойланшы,
Қызық деген жалған әрі алдамшы.
Қанды сору оңай деп пе ең өмірде,
Тәуекелмен келеді ғой әр тамшы.
Көрініп тұр көрмегенің шет елді,
Әлем басқа жолын түзеп өзгерді.
Есті жиып, оянғандар қаншама,
Көзбен көрдім сексен, тоқсан, жүз елді.
Біліп келдім сергек елдің талайын,
Болашақтың салып жатқан сарайын.
Ұйқыны қиып ұлт арманы алдында,
Қараңғыда атырған күннің арайын.
Ал қазақтар ұмытқан ұлттың арманын,
Бүгінге мәз боп ойламайды алдағын.
Ұйықтаса тас боп, оянса мас боп құр жүрер,
Қызыққа батып өмірдің білмес жалғанын.
Оянбаса аз уақытта бұл қазақ,
Болашақта күтеді оны зор азап.
Көп бөлігі ұйықтап жатыр ғасырлап,
Оянғаны бұл уақытта тым аз-ақ.
Жерін талап, қызын қалап құныққан,
Қаншық иттер қаншама жүр қызыққан?
Мәңгі құл боп қалады ғой жат жұртқа,
Қазір қашып құтылмаса құрықтан.
2-ші маса:
Құлдыққа түсті дегенше,
Сұмдыққа түсті десеңші!
Сұмдыққа түсті дегенше,
Қабірге кірді десеңші....
А-ха-ха-ха.....
1-ші маса:
Қайдағы қабір, бұйырмас оған қабірде,
Талатып жерін, салынса әбден жәбірге.
Осындай маубас, таза қанды бұйыртқан,
Шүкірлік де құдіретті тәңірге.
2-ші маса:
Шүкір, шүкір жаратушы тәңірге,
Тең келетін ғажап бар ма әмірге?
Әйтсе-дағы басым қылып бір ұлтты,
Қазақтарды мешеу қылу әділ ме?!
1-ші маса:
Әділ! Дұрыс, бәрі әділ өмірде,
Еш күдігің болмасыншы көңілде.
Байқап тұрсаң азап пен ғажап алмасып,
Алма кезек келеді екен өмірге...
Бір кездері бар әлемді билеген,
Найзасымен талай жауды түйреген.
Сақ пен ғұнның ұрпағы ғой қазақтар,
Қылышынан талай қамал күйреген.
Ғұннан қорқып қытай салған қамалын,
Парсы қорқып жалаған сақтың табанын.
Ескендір де жарты әлемді билеген,
Таба алмады сақтарды жеңу амалын.
Одан бертін, түрік болды тармағы,
Талай жұртқа зілдей батып салмағы.
Қара менен Сары теңіз арасын,
Қойға шапқан аш бөірдей жалмады.
Одан бертін оғыз, қимақ, қарахан,
Ұлы дала уысына қараған.
Исламды діні етіп қабылдап,
Мәдениеті шартарапқа тараған.
Моңғол келді, Алтын Орда құрылып,
Сібір, Ноғай, Ақ ордаға бөлініп.
Бату бастап ноғай-қыпшақ әскерін,
Еуропаның кетті ордасы сөгіліп.
Тарағай Темір Орта Азияны шаһарлап,
Үндістан мен Османды отарлап.
Түпкіл дүние табанына тапталып,
Әмір болды көз жететін жаһанды ап.
Бейбарыс қыпщақ – сұлтан болды Мысырда,
Тоқтамыс шауып орысты алды қысымға.
Оғыз Осман Византияны иеленіп,
Үндістаның Бабырдың болды тұсында.
Одан бертін Керей, Жәнібек бастаған,
Ұран болып Алаш деген асқақ ән.
Қазақ деген хандық құрды айбынды,
Жауды жеңіп ел арасын ластаған.
Қазақ елі дәурен құрды үш ғасыр,
Елдігіне тең келмейтін еш асыл.
Қызы болған арлы, текті, ибалы,
Ал ұлдары кілең шайыр һәм батыр...
...Дәурен көшіп ат үстінен аунады,
Алпауыттар аз алашты жаулады.
Көріп тұрсың, содан қалған қазақта,
Тектіліктің еш тамшысы қалмады.
Намыссыздық нар кеудесін жалмады.
Жалқау, маубас қазақтардың қасында,
Қанға тойған масаның бар ма арманы?
Жаратқанның масаларға бұйыртқан,
Осы болар Фердаустың гүл бағы,
Осы болар шын бақыттың жұрнағы.
2-ші маса:
Олай болса, кеттік қанын ішелік,
Қазақ қайта кетпейінше түзеліп.
Тамшы қаны қалғанынша талайық,
Өліп қалсын қансыз дене сүзеріп!...
Қазақ:
Жоқ! Кетіңдер, менен алыс құрыңдар,
Ей қазақтар! Қане оян, тұрыңдар.
Енді қазақ, ұйықтамайды ешқашан,
Қазақ болар, болса қандай бұрындар!
Ей масалар!...
Ызыңдап кеп ояттыңдар рухымды,
Шымырлатып денемді, қашырдыңдар ұйқымды.
«Зәбір, қабір» екі сөзден үрейлі,
Көріп тұрмын қазіргі менің сыйқымды.
Қашырдыңдар келмеске қайта ұйқымды!
Ей қазағым, ей алашым, бауырым,
Оянсаңшы, жақын екен қабірің.
Бүршігіңді жаймасаң егер бүгіннен,
Ертең-ақ сенің кесіледі тамырың,
Ғажапқа емес, азапқа толар тағдырың!
Ей алашым қайда сенің қадірің?
Естілмей ме сендерге менің зар үнім?
Неге сонша сор маңдайсың қазағым?
Көмек берші, қолдай көрші тәңірім!...
Жан-жақты таратыңыздар, ағайын! Сіздерге Бауырымыз Нұрдәулеттің жүрегінен шыққан шығарманы ұсынғым келеді. Бұл бауырымыз небәрі 20-жаста. Студент. Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың "Маса" мысалынан артып түсетін дүние жазыпты. Ахмет Байтұрсынұлы атамызды үлгі тұтатын жастар бар екені жанымызға демеу болады. Осындай азаматтар барда еліміздің болашағы бар екен халқым!
📝ЕКІ МАСА
Қазақ:
Қараңғы басып ай сәулесі түскенде,
Бейқам, тыныш, жұлдызы көп түндерде.
Күндіз ұйықтап, ұйқым қашып ендігі,
Құлақ салдым белгісіз бір үндерге.
Далада жүр сырнай тартып шегіртке,
Үн шығарар күмбірлетіп кесіртке.
Көл жанында бақылдайды бақалар,
Шиқылдайды жап-жас қызылшақалар.
Бәрі ояу, ұйықтамаған ешбір зат,
Төбет қауып, кісінейді үйір ат.
Ұлы дала жырлап жатыр дастанын,
Тіршілікті маңайына жиып ап.
Ал бөлмеде тыныштық бар белгісіз,
Қап-қараңғы көзге салса көргісіз.
Тірлік қылып шаршап келген адамдар,
Тәтті ұйқыда мол байлыққа бергісіз.
Мен де қалғып баяу ғана көз ілдім,
Кең төсекке қанат жайып көсілдім.
Естіп қалып екі маса сыбырын,
Өн бойыма әңгімесін көшірдім.
1-ші маса:
Ей досым, естеймісің тыңдашы,
Ұйқыдағы адамдарға қарашы.
Пыр-пыр етіп мыңқ етпейді өздері,
Қане барып, қанын сорып талашы.
2-ші маса:
Ей, қойшы! Тойдым болды жетеді,
Басқа елге барып қайтсақ не етеді?
Сол баяғы қазақтардың қаны ма?
Көрсем болды, құсқым келіп кетеді.
1-ші маса:
Мұның не?! Кесірленіп не болған?
Өлтірер деп қорқамысың сен одан?
Қазақтікі қан емес пе ең таза?
Қашпа досым маубас оңай олжадан.
2-ші маса:
Жалықтым, жабықтым әбден түсінші,
Бұл мүсінді салған қандай мүсінші.
Мыңқ етпейді қан сорсамда шелектеп,
Сорғаныма міне ғасыр үшінші.
Кеттік жүрші басқа елге барайық,
Басқа жанды, жаңа қанды табайық.
Жер бетінде ұлт дегенің шексіз ғой,
Қызық көріп бүкіл елді шарлайық.
1-ші маса:
Ақымағым, сәл кішкене ойланшы,
Қызық деген жалған әрі алдамшы.
Қанды сору оңай деп пе ең өмірде,
Тәуекелмен келеді ғой әр тамшы.
Көрініп тұр көрмегенің шет елді,
Әлем басқа жолын түзеп өзгерді.
Есті жиып, оянғандар қаншама,
Көзбен көрдім сексен, тоқсан, жүз елді.
Біліп келдім сергек елдің талайын,
Болашақтың салып жатқан сарайын.
Ұйқыны қиып ұлт арманы алдында,
Қараңғыда атырған күннің арайын.
Ал қазақтар ұмытқан ұлттың арманын,
Бүгінге мәз боп ойламайды алдағын.
Ұйықтаса тас боп, оянса мас боп құр жүрер,
Қызыққа батып өмірдің білмес жалғанын.
Оянбаса аз уақытта бұл қазақ,
Болашақта күтеді оны зор азап.
Көп бөлігі ұйықтап жатыр ғасырлап,
Оянғаны бұл уақытта тым аз-ақ.
Жерін талап, қызын қалап құныққан,
Қаншық иттер қаншама жүр қызыққан?
Мәңгі құл боп қалады ғой жат жұртқа,
Қазір қашып құтылмаса құрықтан.
2-ші маса:
Құлдыққа түсті дегенше,
Сұмдыққа түсті десеңші!
Сұмдыққа түсті дегенше,
Қабірге кірді десеңші....
А-ха-ха-ха.....
1-ші маса:
Қайдағы қабір, бұйырмас оған қабірде,
Талатып жерін, салынса әбден жәбірге.
Осындай маубас, таза қанды бұйыртқан,
Шүкірлік де құдіретті тәңірге.
2-ші маса:
Шүкір, шүкір жаратушы тәңірге,
Тең келетін ғажап бар ма әмірге?
Әйтсе-дағы басым қылып бір ұлтты,
Қазақтарды мешеу қылу әділ ме?!
1-ші маса:
Әділ! Дұрыс, бәрі әділ өмірде,
Еш күдігің болмасыншы көңілде.
Байқап тұрсаң азап пен ғажап алмасып,
Алма кезек келеді екен өмірге...
Бір кездері бар әлемді билеген,
Найзасымен талай жауды түйреген.
Сақ пен ғұнның ұрпағы ғой қазақтар,
Қылышынан талай қамал күйреген.
Ғұннан қорқып қытай салған қамалын,
Парсы қорқып жалаған сақтың табанын.
Ескендір де жарты әлемді билеген,
Таба алмады сақтарды жеңу амалын.
Одан бертін, түрік болды тармағы,
Талай жұртқа зілдей батып салмағы.
Қара менен Сары теңіз арасын,
Қойға шапқан аш бөірдей жалмады.
Одан бертін оғыз, қимақ, қарахан,
Ұлы дала уысына қараған.
Исламды діні етіп қабылдап,
Мәдениеті шартарапқа тараған.
Моңғол келді, Алтын Орда құрылып,
Сібір, Ноғай, Ақ ордаға бөлініп.
Бату бастап ноғай-қыпшақ әскерін,
Еуропаның кетті ордасы сөгіліп.
Тарағай Темір Орта Азияны шаһарлап,
Үндістан мен Османды отарлап.
Түпкіл дүние табанына тапталып,
Әмір болды көз жететін жаһанды ап.
Бейбарыс қыпщақ – сұлтан болды Мысырда,
Тоқтамыс шауып орысты алды қысымға.
Оғыз Осман Византияны иеленіп,
Үндістаның Бабырдың болды тұсында.
Одан бертін Керей, Жәнібек бастаған,
Ұран болып Алаш деген асқақ ән.
Қазақ деген хандық құрды айбынды,
Жауды жеңіп ел арасын ластаған.
Қазақ елі дәурен құрды үш ғасыр,
Елдігіне тең келмейтін еш асыл.
Қызы болған арлы, текті, ибалы,
Ал ұлдары кілең шайыр һәм батыр...
...Дәурен көшіп ат үстінен аунады,
Алпауыттар аз алашты жаулады.
Көріп тұрсың, содан қалған қазақта,
Тектіліктің еш тамшысы қалмады.
Намыссыздық нар кеудесін жалмады.
Жалқау, маубас қазақтардың қасында,
Қанға тойған масаның бар ма арманы?
Жаратқанның масаларға бұйыртқан,
Осы болар Фердаустың гүл бағы,
Осы болар шын бақыттың жұрнағы.
2-ші маса:
Олай болса, кеттік қанын ішелік,
Қазақ қайта кетпейінше түзеліп.
Тамшы қаны қалғанынша талайық,
Өліп қалсын қансыз дене сүзеріп!...
Қазақ:
Жоқ! Кетіңдер, менен алыс құрыңдар,
Ей қазақтар! Қане оян, тұрыңдар.
Енді қазақ, ұйықтамайды ешқашан,
Қазақ болар, болса қандай бұрындар!
Ей масалар!...
Ызыңдап кеп ояттыңдар рухымды,
Шымырлатып денемді, қашырдыңдар ұйқымды.
«Зәбір, қабір» екі сөзден үрейлі,
Көріп тұрмын қазіргі менің сыйқымды.
Қашырдыңдар келмеске қайта ұйқымды!
Ей қазағым, ей алашым, бауырым,
Оянсаңшы, жақын екен қабірің.
Бүршігіңді жаймасаң егер бүгіннен,
Ертең-ақ сенің кесіледі тамырың,
Ғажапқа емес, азапқа толар тағдырың!
Ей алашым қайда сенің қадірің?
Естілмей ме сендерге менің зар үнім?
Неге сонша сор маңдайсың қазағым?
Көмек берші, қолдай көрші тәңірім!...