Тұрақты жалақы алып жүрсеңіз де кейде мүлдем ақшасыз қалатын
кездер болады. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Ақшаны кімнен сұраған дұрыс?
Қаржы тапшылығының азабынан қиналмай шығу үшін ең алдымен өзіңіз біреуге көмек бере алатындай дәрежеде болыңыз. Әріптесіңіз немесе досыңыз қиналғанда көмектесуге тырысыңыз. Материалдық жағынан болмаса да, рухани демеу болыңыз
Егер жұмыс істесеңіз әріптестеріңізбен керіспеуге тырысыңыз. Олардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Табысы көптеу, адамгершілігі бар жандармен араласыңыз. Бірақ жағымпаз болмаңыз.
Басқаларға арқа сүйеп кетпеңіз. Өзіңіз еңбектеніңіз. Жасы үлкен, көпті көрген адамдармен жиі ақылдасыңыз. Тірліктің көзін тапқан кәсіпкерлермен кеңесіңіз.
Адамдардың алдында өзіңізді төмендетпеңіз және төмен жалақы алатындығыңызды, ақшаны үнемі жеткізе алмай жүргеніңізді айта бермеңіз.
Мүлдем ақшасыз қалмау үшін көп еңбек етіңіз.Қолыңыздағы қаржыны орынсыз жұмсамаңыз. Сөмке немесе әмияныңыздың ешкім көрмейтін қалтасына аз болса да ар