Бұл жазбада біз сіздерге беттегі безеуден үй маскалары арқылы қалай құтылуға болатынын баяндаймыз.
Беттегі безеуді кетіруге табиғи маскалардың көмегі әжептәуір екені ешкімге сыр емес. Мұнда масканың құрамындағы өнімдердің табиғилығы басты рөл атқарады. Сонымен маскалардың жасалу үлгілерімен танысайық!
Безеуді емдеуге арналған балдан жасалған тиімді маска
Масканы дайындау үшін қыша балын не жөке балын қолдануыңызға кеңес береміз. Шұңғыл ыдысқа 50 г бал, 50 г зәйтүн майын, 1 жұмыртқа сарысын қосып араластырыңыз. Бетіңіздің безеу шыққан орындарына қалың етіп жағып, 20 минутқа қалдырыңыз, сосын жылы сумен жуып, крем жағыңыз. Бал маскасы бетті жұмсартқыш, жасартқыш қасиетке ие.
Тазартқыш және нәрлендіргіш банан маскасы
Піскен бірақ қара дақтары өте аз банан таңдаңыз. Оған 1 ас қасық зәйтүн майы мен кез-келген нәрлендіргіш 3 ас қасық кремін қосып, араластырыңыз.
Оны бетке 15 минутқа қалдырып, маска қатқан соң, лимон шырыны қосылған қайнаған жылы сумен жуып тастаңыз.