Бүгінгі таңда көруге байланысты қиындықтар екінің бірінде кездеседі. Көзілдірік – бұл мәселенің ең оңай және қолжетімді шешімі. Сіз де көзәйнек киген арулар қатарынан болсаңыз, үйреншікті макияж ережелері сіз үшін өзгере алатындығын біліп жүргеніңіз жөн.
Көзәйнек өзімен-өзі көзге назар аударады. Осыған байланысты макияжыңызды сәл өзгертуіңіз керек. Макияждың дәстүрлі түрлері: күндізгі макияж, smokey eyes, түсті макияж көзілдірік киген арулар үшін сәл басқаша жасалғаны дұрыс.
Әдемі, өзіңізге жарасатын орынды макияж жасау үшін, көзәйнек таққан ару мына ережелерді біліп жүрсін.
Бірінші ереже: Көзәйнек линзаларының коррекциялық қасиетін есепке алу керек
Алыстан көргіштікке (дальнозоркость) шалдыққан арулар сүрме, қара, күңгірт көз бояуларын абайлап қолдануы керек. Себебі олардың көзәйнектеріндегі линза көзді үлкейтіп көрсетеді. Сіздергетабиғи түстерде орындалған қарапайым күндізгі макияж таңдаған дұрыс. Кірпікке арналған тушьты да мейлінше аз қолданыңыз. Егер сізстрелка салудың шеб