Найти тему
Paydalı keñester

Қарбыз косметикасы

Қарбыздың бір кесе жұмсағына бананның жарты жұмсақ бөлігін салып езеді, дайын болған соң бетке жағып 10-15 минут ұстайды. Сонан соң бетті жылы сумен жуып тастайды. Бетіңіздің терісі майлы болса, кесе толы қарбыз жұмсағына айран қосып, сол қоспаны бетіңізге жағып, теріңізді жасартып, оған әдемі нәр беріңіз. Қарбыз жемісінен қыз-келіншектер бетін көріктендіретін неше түрлі косметикалық маска жасап, пайдаланады. Мамандардың айтуынша, оны былай жасайды:

Солғын тері маскасы. Қарбыздың жұмсағына бал салып, оны жақсылап араластырады. Оны бетке жағып, 15-20 минут ұстайды, сосын жылы сумен жуады. Бұл маска бетті қатайтады, ылғалдандырады.

Сергітетін маска. Жарты стақан мәнидің қою ұнтақ ботқасын дайындап алады да оған бір жұмыртқаның сарысын қосады, араластырады, үстіне қарбыз шырынын, бал және өсімдік майын құяды, кішкене тұз салады. Масканы бетке 20-30 минутқа жағып, кейін жылы сумен бетті жуып, құрғатады. Бұл маска бетті бірден сергітіп жібереді.

Бетті ағартатын маска. Қарбыздың сыртқы қабығының ішкі жұмсақ жағымен таңертеңгілік, кешкілік бетті уқалап, сүртеді. Бірнеше күн өткенде, бетіңіз ағарып тазарады.

Қалыпты және құрғақ тері маскасы. Бір жұмыртқаның сарысын 2 ас қасық қарбыз шырынымен араластырады, кішкене қаймақ пен өсімдік майын қосады. Қою болуы үшін оған нанның жұмсағын салады. Осы қоспаны бетке жағып, 20 минут ұстайды, сосын бетті жуады. Бет терісі жақсарып, жасарады, өңіңіз шырайланады.