Күнделікті өмірде жұмыс істеу барысында қаншама әдіс-тәсілдерді жүзеге асырамыз. Тек оны өзіміз байқай бермейміз. Ал нәзік жандылар қауымы үшін қай істе болмасын пайдалы, нәтиже беретін әдіс-тәсілдер түрі маңызды. Назарларыңызға сондай әдіс-тәсілдер ретін ұсынамыз.
1. Ас ішетін қасық көз астына жағылып қалатын тушь іздерінен қорғай алады. Кірпікке тушь жағып тұрған кезде қасықты төменгі қабақтың астына ұстап тұрсаңыз болғаны.
2. Көзіңіз ісіп тұрса, қабығы ашылған картопты алып, ортасынан екіге бөліңіз де, 10 минут көзіңізге басыңыз. Көздің ісігі қайтып, өң кіріп қалғанын байқайсыз.
3. Қазіргі кезде бетке жасалатын масканың неше түрлісі бар. Бірақ айраннан жасалған масканы бір жасап көрсеңіз, теріңізге одан артық күтімнің қажеті жоқ екенін түсінесіз. Оны дайындау үшін, екі қасық айран, бір ас қасық бал және жұмыртқаның сарысы қажет. Осы үшеуін жақсылап араластырғаннан кейін, таза бетке 18-20 минутқа жағып қою керек. Сосын бетті суық сумен шайыңыз. Айран маскасы бетті жақсы тазартад