Жүктілік кезіндегі қыжылдау әрбір әйелге белгілі. Кейде осы ауру болашақ ананың бүкіл жүктілік кезеңінде болады. Неге бұлай болады?
Тамақтың қыжылдауы, ауыздағы қышқыл және жағымсыз дәм – бұның барлығы қыжылдаудың белгілері. Ол, әдетте, тамақтанып болған соң немесе жатқан кезде болады, жүкітіліктің екінші жартысында басталып бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға созылуы мүмкін.
Жүктілік кезіндегі қыжылдың негізгі себебі ағзадағы гормоналды өзгерістер болып табылады. Жүктілік кезіндегі қыжылдауда әйел түні бойы ұйықтай алмайды. Ағзадағы гормондардың әсерінен асқазан сөлінің қышқылдығы артады, осылайша қыжылдау пайда болады.
Жүктілік кезіндегі қыжылдау тудыратын факторлар:
Қыжылдау жиі асқазан қысымынан туындайды, сондықтан ішті қысатын киімдерді кимегеніңіз абзал
Тамақтанғаннан соң кем дегенде 30-40 минут жатпауға тырысыңыз
Кофе, дәмді және маринадталған, қышқыл және газдалған сусындардан бас тартыңыз
Қыжылдау сізді көп мазаласа және одан құтылу мүмкін емес болса, онда сіз қышқыл көкөн