Тұрмысқа шығып, ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы екені белгілі. Кез келген қалыңдық үйлену тойына ыждағаттылықпен дайындалып, ерекше сұлу болып, ибалы келін атануды қалайды.
Дегенмен сол армандары орындалу үшін олар біраз күш жұмсайды. Мәселен, өз-өзіне қарап, тері күтіміне көп мән береді, яғни нәзік, әдемі көріну үшін. Сонымен қатар, тойға дейін артық салмақ тастап, спорт залынан шықпайтындар да бар. Кейбірі диеат ұстап, табиғат аясында, таза ауада қыдырғанды әдетке айналдырады. Бір сөзбен айтқанда басынан аяғына дейін назарында ұстайды. Алдын ала біреулері стилистермен келісіп, шаш, тырнақтарын сәндейді.
Тағы бір тойға дайындық кезеңі − ол көйлек таңдау. Сондықтан қалыңдықтарға айтарымыз, той көйлегін таңдау кезінде еш ерінбестен бірнеше салонға бару керек. Ұнатқан көйлегіңізбен шыққан кезде ғана, өзіңізді еркін, әрі ыңғайлы сезінетін боласыз. Сонымен қатар, психологиялық дайындықтан өту керек. Ол үшін өзіңізге сенсеңіз болғаны. Осы аталған амалдарды орындасаңыз сіз үшін той ест