Жақында ғана дәрі-дәрмектер, емдік майлар мен медицинада қолданылатын сұйықтықтарға басқа қырынан қарап, қасиеттерін тері күтім саласында да пайдалануға болатындығы жайлы айтып кеткен болатынбыз. Осы тақырыпты жалғастырып, дәріханадан табуға болатын "косметикалық құралдар" топтамасының екінші бөлігімен тансайық.
1. Апилак
Апилак – араның жатырлық сүтінен жасаланатын дәрілік зат. Бұл дәрі Кеңес заманында шығарыла басталып, бүгінде актуалдылығын жоғалтқан емес. Апилак – жалпы иммунитетті жоғарылататын зат алмасу прцесстерінің биогенді ынталандырушысы, адаптоген, аминқышқылдар мен макроэлементтер мен көптеген дәрумендердің қайнар көзі.
Апилак емдей алатын аурулар тізімі ұзын-ақ. Тәбеті жоқ балаларға, стресс пен аурудан кейін қалпына келу кезінде, тіпті белсіздікті емдеуде қабылданатын апилак, күнделікті қарапайым терінің қиындықтарымен де күрес алады екен.
Майын жағып, биологиялық белсенді қоспаны қабылдау нәтижесінде терінің майлылығынан арылуға, ісінген жерлерді басуға, терінің қоз