Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз.
Үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен:
Бір тал бүлдіргенді езіп, оған ашытқыдан бір-екі қасық қосып, араластырып, жапсырма жасап тісіңізге жағып қоясыз. Бес минуттан соң тісіңізді ысқылап, шайып тасатйсыз.
Сірке суын ауызыңызға толтыра ұрттап, 3-5 минуттан соң төгіп, қайталап отырасыз, сосын тісіңізді шаясыз.
Кәдімгі ас тұзының қасиеті де өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағарт