Қан өте көп дерттің асқынуын көрсете алады. Бұл мақалада ең маңызды үш көрсеткішті қарастырайық.
Гемоглобин
Гемоглобин қанның қызыл жасушалары – эритроциттер құрамында болады. Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарына жеткізіп, ал бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып, өкпеге апарады. Бұл гем деп аталатын ерекше ақуыздың көмегімен жүзеге асады. Гемге оттегі молекуласы қосылады. Ол – гемоглобин бөлігі. Егер ағзада гемоглобин деңгейі аз болса, адам бұлшықет тарамдары мен ішкі органдары оттегі тапшылығына душар болады.
Қалыпты гемоглобин мөлшері
Әйелдерде – 120-140 г/л;
ерлерде – 135-160 г/л.
Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер:
бауыр;
ет.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ)
Эритроциттердің тұну жылдамдығы ағзада қабынудың бар-жоқтығын анықтайды. Бұл көрсеткіштің жоғарылауынан дәрігер науқаста қабыну процесі басталғанын біледі. Ағза сау болса, эритроциттер теріс зарядтарының арқасында бір-бірінен тебініп, соның арқасында жабыспай, қан құрамында жылжиды. Адам сырқатт