Плитаны тазалау. Егер үйіңізде арнайы плита тазалайтын сұйықтық таусылып қалса, кез келген тазалағыш сұйықтықты пайдалануыңызға болады. Мысалы, шыны тазалайтын сұйықтық эмаль заттарға тамған майды оңай кетіреді. Алада олармен ыдыс жууды ойыңызға да алмаңыз. Ыдысты тек ыдыс жууға арналған сұйықтықпен жуғаныңыз дұрыс.
Сүзбе сақтау. Сұзбені бөлме температурасында ұзақ сақтауға болмайды. Ол көп сақталса қышқылданып кетеді. Тоңазытқыштың өзінде 2-3 күннен асырмаған жөн. Сондықтан сүзбені артығымен алудың қажеті жоқ. Оны қақпағы жабылатын шыны, эмаль немесе фарфор ыдыста сақтайды. Ал полиэтилен қалтадан тез бұзылады. Тұрып қалған сүзбені сол күйінде қолданбай, ірімшікке айналдырған жөн.
Қауіпті құрылыс материалдары. Паркет тақтасын немесе партетті таңдағанда оның жылтыр сырына мән беру керек. Кейбір жағдайда жылтыр сыр ауаға хош иісті көмірсу тотығын бөліп, адамның жүйке жүйесіне зақым келтіреді.
Паркет желімініңқұрамындағы ацетон әйедердің денсаулығына зиян.
Ламинат құрамы формпльдегид пен канцерогендерден тұратындықтан қатерлі ісікті ушықтырады. Сондықтан оны жылы еденге төсемеген жөн.
Жұпаргүлді емге пайдаланыңыз.
Жұпаргүлдің (сирень) жапырағының емге қоланылатынын біле жүргеніңіз жөн. Ота жасалған адамның тігісі ажырап кетсе, жапырақты үш минут қайнаған суға салып, тігілген жерге таңып, үстін жұмсақ қағазбен орап қойса тігіс тез бітетін болады.
Еденді орындық сызбауы үшін.
Темір аяқты орындықтардың табанына теннис добын кигізіп қойса, еденді сызбайтын болады. Ол үшін доптың үстіңгі бөлігін ойып қиып, сол жерден орындық табанына кигізеді. Барлық орындықтарға бірдей доп кигізіп қойсаңыз оның сақтық шарасы екені тіпті байқалмай қалады. Біреулер оны интерьер жаңалығы, жаңа сәндегі орындық деп ойлап қалуы әбден мүмкін.