Қайғы мен қуаныштың қос арбасын сүйретіп бұл өмірдің талай белесін артқа тастаған адамдардың аузынан нағыз өмірлік кеңестер шығады. Олар кейінгі толқын - інілері өзі жасаған ағаттыққа бармаса екен, өзі өкінген істі жасамаса екен деп өмірлік тәжірбиелерімен бөліседі.
Біз алғашқы жалақымызды алған күннен бастап балалықпен қоштасамыз. Осы уақыттан бастап сіз де материалдық байлықты ғана көздейтін қатарлас көршілеріңіздің көшірмесіне айналып, дүниенің соңынан жүгірудің алғашқы қадамдарын баса бастайсыз.
Айналамыздағы қарапайым адамдар ең үздік Халықаралық Ақпарат көздері анықтаған ақпараттан да артық жаңалықтардан хабардар болып отырады. Әйткенмен, олардың бәрі дұрыс ақпарат тарата бермейді. Көбінің ақпарараты ауыздан құлаққа жетіп жүріп өзгеріске түсіп те үлгереді. Тыңдайтындары да жоқ емес. Олар болашақты болжйады, бүгінгіні де сараптап айтып бере алады.
Көп білетіндер де, көпті көргендер де сөйлей берсін. Олар сөйлегенде тек тыңдау керек. Ол үшін ең алдымен естіген нәрсені дұр