Алғаш әке болып, төбесі көкке екі елі жетпей жүрген ер азаматтардың кейпі жігіт кездегісінен өзгеше болады. Ендеше, біз бүгін сіздерге әке болған жігіттердің он сегіз сипатын санамалап айтып бермекпіз. Сіздер де салыстыра, қосыла отырыңыздар.
* Олар жұмысқа кеткенде енді үйде жатқан кішкентай жүректің иесі де күтетінін ойлап тыным таппайды. Көбіне сыртта бос уақыт өткізгеннен баласының иісін иіскеп ұйықтағанды дұрыс көреді;
* Олар баласының жүзіне қарап жатудан жалықпайды. Үйге қай уақытта келсе де, баланың ұйықтап жатқанына қарамастан бір иіскемей өзі де ұйқыға кетпейді;
* Олар ұйықтап жатқан баласын құшақтап немесе жүзіне мұрнын тақап жатқанды жақсы көреді. Жаңадан өмірге келген мына бір жаратылыстың дем алып пысылдап жатқанын қызық көреді;
* Олар баласының кішкентай қолдары мен аяқтарына қызығып, қайта-қайта ұстап көреді. Перзентінің тамырында өзінің қаны ағы ағып жатқанын ойласа, тіпті қуанышы кеудесіне сыймай кетеді;
* Олар жаңадан туылған баласын қолға алып көтеруден қорқад