Анағында айранның нағыз төркіні – қазақ елі. Айранның құрамы сүтке ұқсағанымен, ұйытылған соң пайдалы дәрумендерінің саны ағағұрлым арта түседі. Сондықтан болса ерек, шөлімізді қандырады әрі тойымды тамақ. Қазақтың ең танымал ұлттық тағамдарының бірі – айран қасиетін барша қазақ біледі. Кешкі астан соң, міндетті түрде 1 кесе айранды тұтынған. Бұл асты қорытуға көмегін тигізеді екен. Кішкентай нәрестелерге де айран берген, ауру-сырқаудан сақ болсын деп. Жүкті әйелге де осы тағамды тұтынуға кеңес берген. Кез келген тағаммен бірге қонақ алдына да ағарған айранын ұсынған. Бұл қонақжайлылықтың белгісі. Осылайша қазақтың дастарханыннан айран үзілмей келеді. Ұзақ жолға шығар кезде де айранның рөлі ерекше болған. Тіпті үйге жылан кіргенде де басына ақ құйып шығарып салған.
Ғалымдар аты суық ауруларды да осы айранымыз емдегенін айтады. Емдік қасиеті мол сусынды жақтырмайтын адам ағзасы жоқ. Бұлай деп отырғанымыз да сол сүтті ұнатпайтын адамдар да кездеседі. Себебі олардың ағзасы сүт құрамынд