Дәрігерлер келтірген дәйек бойынша қорылдап ұйықтайтындардың басым бөлігі ер азаматтар. Жер жүзінің әрбір бесінші ер азаматы басы жастыққа тие сала қор ете қалады екен. Бірақ бұл әдеттің нақты себебі мен салдары әлі күнге дейін белгісіз. Ер азаматтың қорылы батырға тән әрекет деген түсінік бар ел арасында. Бірақ ұйқыны зерттейтін мамандар бұған кері пікір айтады. Олардың ойынша қорылдың негізгі себебі алкоголь мен шылым және артық салмақ.
Қорылдың қатты дауысы қайдан шығады? Біреу мұрнымен қорылдаса, екінші адам аузымен тыныстап, қорылы таңдай бөлігінен естіледі. Сомнологтар (ұйқы мамандары) қорылдаудың себебін анықтау үшін алдымен осы дауыстың қай бөліктен шығатынын білу керек дегенді айтады. Сондықтан қорылдан құтылу оңай шаруа емес. Бірақ, қорылын бір ескертуден кейін қоя салатындар бар. Көбіне шалқасынан жатып ұйықтаған адам еріксіз қорылдайды. Ал бір жағына жантайса, қорылы лезде басылады. Дәрігерлер бұл әрекетті адамның физиологиялық шаршауынан және жоғарғы тыныс жолдарына ауа