Салауатты, саулықты өмір сүру салтының символы ретінде белгілі кепкен жемістер де ауруларға тосқауыл болып табылады. Әсіресе дәрумендердің тапшы болатын қыс айларында бұл азық түрлерінің орны ерекше. Денсаулыққа пайдалы жұмсақ етінің құнарлығы кептірілген жемістерде көбірек екендігін мәлімдеген мамандар бұл азық түрлерінің міндетті түрде күнделікті ас мәзіріне қосылуы керектігін мәлімдеуде. Қатерлі ісіктен бастап, қан қысымы, қан аздығы, көз ауруларына дейін жақсы әсер ететін құрғақ жемістердің қысқаша пайдалары:
Кепкен өрік (курага): Ас қорыту жүйесіне пайдалы. Стрестің және қан аздығының алдын алады. Құрамындағы А дәрумені терідегі ақаулардың еміне оң әсерін береді. Күніне 5 дана кепкен өрік жеу құрамындағы калий арқылы жүрек бұлшық еттері мен нервтерінің жетілуінде маңызы зор.
Кепкен жүзім: Энергия көзі. Қақырық түсіргіш қасиетіне байланысты тыныс жолдары ауруларына қарсы пайдалы. Күніне 10 данасын жеу арқылы қан қысымының төмендеуіне әсері бар. Суықтауға қарсы да иммунитетті кү