Адам ағзасының 70 пайызы судан тұратынын жақсы білетін шығарсыз, Бірақ, әр адам су тепе-теңдігін өз қалауынша ұстайды. Кейбіреулер бірнеше кесе какао, кофе немесе шай ішкенді жақсы көреді. Ал кейбіреулер үшін салқын сыра мен сок немесе газдалған судан артығы жоқ.
Алайда, сіз ішетін судың сапасы белгілі бір дене мүшелердің ғана емес, толық ағзаның да жұмысын баяулатуы мүмкін.
Үлкендер ғана емес, кішкентай балалар да бас тартпайтын газдалған су ағзаға аса қауіпті болып саналады.
Газдалған суды ішпеуге арналған 4 себеп
Бірінші себеп – тез салмақ жинайсыз. Газдалған су ағзаға жылдам әсер етеді. Өйткені, өндірушілер газдалған суға қанттың көп мөлшерін қосады.
Яғни, газдалған судағықанттың мөлшерін анықтау үшін 0,3 литр суға он алты қасық қант саламын деп елестетіңіз. Айта кету керек, бұл адамның күнделікті нормасынан бірнеше есе көп.
Екінші себеп – диабет туындауы мүмкін. Бір рет газдалған сусын ішсеңіз, ұйқы безі дереу инсулин бөліп, қант сол бойда қанға сіңіеді. Мұндай кезде адам а