Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Махаббат назы.

Ей тәкаппар махаббат тыңдап алғын,

Сен үшін ащы сынға мың қамалдым.

Сен болмаған кездерде бақытты едім,

Бүгін неге жанымды мұңға малдым?

Қиналсам тыныштыққа жүр демейсің,

Жұбатпайсың жыласам,үндемейсің.

Өзіңмен сырласуға келген шақта,

Маған емес сырыңды айт түнге дейсің.

Ей махаббат сен неге қиынсындың,

Қиындықсыз,азапсыз сыйын күннің.

Бұрындары өр кеуде,қырсық едім,

Ал бүгін саған сөзсіз мойынсұндым.

Бір татырып сезімнің шырын балын,

Жүз талдырып,мың рет күйдіресің.

Сүйгенге селт еткізбей жүректі анау,

Сүймегенді сынға алып сүйдіресің?

Оу махаббат сен неге осындайсың?

Ғашық еттің жандарды қосылмайтын.

Тәттісің деп айтады сезінгендер,

Ал бірақ та бәрінен басым қайғың.

Ей махаббат сен неге осындайсың?