Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай......
АБАЙ
..Бала кезімізде, осы мезгілде ауыл іші абыр-сабыр болып жатушы еді. Мая-мая шөп үйіліп, күздікке мал қораға қамалып, құрт қайнатылып, қарынға май салынып, картоптарын жинап т.б. қыс қамына дайындықтар. Күздің қара суығы болса да ауыл баласы жартылай киінер-киінбестен иттерін шулатып, мұрындарын тартып қойып жүгіріп жүретін .
Әр мезгілдің адамның жан-дүниесіне, тіршілігіне әсер ететін бір сыры бар. Жайма шуақ жазды қимағандықтан ба, күз мезгілі мұңдылау...
Ал, әр шаңырақта қыстың қамы..
Іске сәт, достар!!!