Бір сəтке мен отыра қап ойландым! Демалыс күн ерекше еді мен үшін! Бала кезде барлығына үлгеріп. Кеш болғанда шаршамайтын мен едім. Ала таңмен шығаратын киізді. Көрпе-көпшік, алашалар тізілді. 7- 8 жіп үстінде жуылған, Кірлер іліп қоюшы едік сан түрлі. Пештің үстін майлап-сипап, əктеп. Еден жуып, үйді жинап мұнтаздап. Керəсеңкі шамға майды толтырып, Ал тұрбасын сүртетін-ек ысқылап. Топыраққа ысқылайтын табақтар, Жалт-жұлт етіп күн нұрында ойнайтын. Картоп аршып, қуырамыз табаға. Қарап тұрып өз көзің бір тоймайтын! Домалатып бауырсақты пісіріп. Етті асып, үш-төрт жайма нан ысып. Лаулап жанған пешке салып көмірді. Қоюшы едік үйдің ішін қыздырып. Сиыр туып, мал жамырап корада. Мəре-сəре өз алдына, сол ара. Уыз ішіп, қошақанды сүйрелеп, Ойнайтынбыз "бұйра-бұйра", - деп сонда. Бір күнгі сол демалыста барлығын, Үлгеретін біздер едік, - тап шыным! Кайран, сол бір қайталанбас бала кез! Демалысым, ерекше едің сол кезім! Ал қазіргі демалысқа таң қ