Қонақ бо(лы)п келдік өмірге,
Қонақ бо(лы)п кері қайтамыз.
Бес күндік мына жалғанда,
Сыйластық болсын, байқаңыз!
Тәубе, шүкір тіліңде,
Иманың болсын жолдасың.
Тыныштық болса жүректе,
Яғни, тура жолдасын!
Дүние қуып жүгірме,
Асығып, шалқып, тасымай.
Қанағат қыл барыңа,
Тура жолың осындай.
Басың аман, сау болса,
Уақыт бәрін көрсетер.
Бақыт, байлық достықта,
Ақылды соны түсінер!