Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Мен енді қайырылмаймын.

Менсіз бір тірлігің,

Жатсада қараң қала.

Мен енді қайрылмаймын,

Бекерге алаңдама!

Көңілім бала еді

Сен оны жараладың,

Тірлігім шала еді

Түсініп қарамадың??

Бəріне бас изеп ем

Басқаша ұғындыңба?

Жанымды ауырттыңғой

Сырт сөзге жүгіндіңда.....

Арманым асқақ еді,

Сен оны елемедің,?

Сəл жебеп жібергенде,

Сыйымды көрер едің!

Аяусыз отқа салдың

Айттыңда əттеңіңді,

Ең алғаш өлеңдерім

Жиналған дəптерімді.

Сондада қала бердім

Жанардан жас тамшылап

Көр соқыр қызғаныштан

Кетіпсің астамшылап.

Зая боп өкіндірді

Ең алтын уақытым

Мен қайта қалдырыппын

Жаныма шуақ ұтым!

Бəрібір қаламадым

Үмітім үзілгенін,

Санамнан жойып келем,

Өкініш тізімдерін.

Сен мені өкпелеттің,

Бір сағат,бір күн емес,,,

Жабырқау мұңмен қоса

Кейбірі күлкілі елес.

Не десеңде маған енді ,

Шегіну мүмкін емес.

Шегіну мүмкін емес!!

Кешір.!