Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Төркіндеу.

Төркініме келдім кеше қыдырып
біраз тұрдым кіруге сəл кідіріп
тұруыма себеп болған құбылыс
Анам жүр ғой есік алдын сыпырып

Көріп мұны мен расында таңдандым
қолғабыс қып кеше келін алған кім?
ашу келді тұрып -тұрып сол жерде
ақ келіні оянбапты анамның

Шықты əне күйеу болған баласы
ұйқылары қанбаған гой шамасы
бір аптада болмады ғой үйленіп
өзі сондай əйел жанды қарашы

Оятсаңшы деді анам келінді
маубас келін деген атқа ілінді
керіліп тұрған баласынан кетті рең
осы аты бұзама деп сынымды

Ісі жоғау сірə келіннің тынымды
əбден бұлар шығарды ғой жынымды
үй жанында əлі жатыр қоқыстар
бетін ашқан күні үйген мұнымды

Ары қарай сөйлемеді сорлы анам
ене болды енді соры қайнаған
әйел үшін анасына "əй"дейтін
еркектердің бəрі бірдей оңбаған

Өзі үйінде бөтен болған ананың
маңдайдағы əжіміне қарадым
балалығым бір сəт түсіп есіме
ақ шаштарын жылап тұрып санадым

Қарап тұрмын əлі үйге сығалап
анам осы жуастыққа құмар ақ
шəй дайындап кетті енді келінге
жатыр білем өзін өзі кінəлəп

Іш-ішінен білем анам жылайды
терезеге қарап біраз мұңайды
біздер үшін бар өмірін арнаған
анам енді кімнен жылу сұрайды

Шығарғым кеп келініммен ұрысты
ашу ыза тұла бойда тұр ішкі
анам білем қатты ренжиді бұл үшін
сондықтанда ақыл қойға кірісті

Өз үйіме барып тұрып кірмедім
ыңғайсыз ғой қазір менің кіргенім
арт жағыма бұрылдымда жүгірдім
қайда барып жатқанымды білмедім

Аялдама жаққа барып тоқтадым
қалай ғана ұмытамын жоқ бəрін
күндіз мектеп,түнде тігіс тігетін
анашымнын жастық шағын жоқтадым

Алып келгем шəй ішсін деп тəттілер
анашымның жақсылығын жат білер
оянды ау деп екеуі уйдегі
үйге қайттым маңдайымнан ақты тер

Анам шықты жас баладай жалтақтап
келін келді ас үйінен балпақтап
білмегенсіп хəл сұрастым бəрімен
інім отыр келіншегін қолпаштап
Күйіп-күйіп тамағымнан өтті шəй
жиналдым ғой қайытуға уйге жай
ұ
рыссада ,сыйласада жақпайтын
ене болу қиын қандай шіркін ай

Енемді көрдім дағы жыладым
құшақтап ап кешірімін сұрадым
түсінбестен аң таң болып тұр маған
Қоюға да ыңғай таппай сұрағын

Кешегіден өзім қатты өзгердім
жер дөңгелек мұны алдын сезгенмін
ене емес ана маған енді енем
қарсы сөйлеу ісіненде безгенмін

Келіндерге ақыл берші бір Алла
алда қарттық күтіп отыр абайла
не істесең сол алдыңа келеді
ене болу жолы саған тұр алда!!!!