Бауырлас жалпы түріктерге қаратып айтылатын сөз. Мағжанның "Алыстағы бауырыма" дейтін өлеңі бар емес пе, басқа түрік тектес халықтарға арнап жазған. Сонда да ап-айқын тұр, бауыр - ол туыстас, тектес деген сөз. Ал шеттен келген тағы бір ҚАЗАҚты, "бауырлас" деп атау өзі сиырдың бүйрегіндей қырық құрау болып бөлініп отырған елді тағы да бөліп ажырату емес пе?! Бұл атты ұсынған адамдар не әдейі қастық жасап солай деп отыр, немесе қазақтың сөзін де, өзін де танымайтын біреу дәу де болса да. Бауырлас дегенше қарындас десін онда. Қазір қарындас деген сөз тек әйел затына қаратып айтылып жүр, ал бағзы қазақшада бұл сөз бір қарыннан туған қарындас, жатырлас (мысалы, кластас, әріптес деген сияқты) дегенді білдіріп ерге де қаратып айтылған. Дау қарындастан дегені де даудың бір туған жақының үшін болатынын білдіреді. Мақалды да тек әйел затына қатыстырып тар мағынада қолданып жүрміз. Әрине, оралманды бауырлас, қарындас деген де жарамайды,қарындасты айтқанымыз бауырластан жақындау гой деген ым гой негізі. Ал қандас десе де болады, қаны бірдің жаны бір емес пе, бауырластан жақсырақ?! Өзіме салса шеттен келген ҚАЗАҚ деген атаумен атар едім, ала қойдың түсін түстеп азғана қазақты бөліп жарып қайтеміз, онсыз да алты бақан алаяқ болып отыр емеспіз бе?! Мен қазақ үшін оралман да, бауырлас та, қарындас та, қандас та емеспін, мен сол ҚАЗАҚТЫҢ нақ өзімін.