Бір шалға кемпірі шай ішіп отырып: - Шал-ау, анда- санда екеуміз түнде төсекте қауышып тұратын едік, кейінгі кезде оны қойдың ғой - десе... Шалы айтыпты: - Қазір қартайдым, шаршап жүрмін, ол үшін сен күндіз ескертіп қой, немерені жіберіп, маған ертең соғыс болады десең, мен түсінемін - депті... Ертесіне қорада жұмыс істеп жүрсе, немересі жүгіріп келіп: - Әжем айтты, ертең соғыс болады деп - айтыпты... Шал: - Е-е, жарайды - депті... Шал аздап жұмысын жасап, көп демалып, кешкісін кемпірімен кездесіп, сыбағасын беріп тастапты. Ертесіне қорада жүрсе, немересі тағы жүгіріп келіп: - Әжем айтты, ертең тағы соғыс болады - десе... Шал былай жауап беріпті: - Әжеңе айта бар, атаң кешегі соғыста ерлікпен қаза тапты...