«Мақтау дегенге адам сеніп қалуы мүмкін. Мақтау деген бірінші кезекте адамды ұялтады, екінші рет сәл ғана ұялтады, ал үшінші рет адамға ұнайды. Төртінші рет айта түссе екен дейсің, ал бесінші рет жаныңа тіпті жағып кетеді. Содан кейін адам үйренеді. Ал, одан кейін біреу мақтау сөз айтпай қойса қалай болатыны белгілі. Сондықтан мақтауға үйренбеу керек. Ал мен қанша мақтаса да қорықпаймын. Неге дейсіздер ғой? Өйткені оның бәрі атаға арналған. Егер атаның келіні болмағанда осынша мақтауды естімес едім. Сондықтан мақтап жатқанда мен ол сөздердің барлығын тек атаға өткізіп жіберемін».
Зейнеп Ахметова