Ұлтарақтай болса да ата қоныс — жер қымбат. Ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат. ЖАУ ЕКЕНІҢДІ ӘБДЕН ДӘЛЕЛДЕДІҢ НАЗАРБАЕВ! Нұрсұлтан Назарбаев! Ендігіде сені «қалмақ» деп жақ ауыртып та керегі болмай қалды, сен өзіңнің қазақ ұлтына өлердей жау екендігіңді – ата жауымыз қалмақ екендігіңді ісіңмен де сөзіңмен де әбден дәлелдедің! Қазаққа жекіп не демедің десейші! «Қазақ жалқау, ничкемный», яғни «түкке жарағысыз» дедің. Қазақ түгілі басқа ұлттар айтпаған «Қазақта шекара түгілі, мемлекеттілік болмаған» деген масқараны да шығарған сен едің! Одан әбден мейманаң асып, дандайсыған сен ауылдағы қазақтарды «паразит» деп қорладың. Бұл тек ауылды ғана емес, барша қазақ ұлтын қорлағаның еді! Қытайды қоныстандыру мақсатымен мына сен әуелі совхоздарды содан соң ауылдарды құртып, халқын торғайдай тоздырып, қаңғыртып жібердің! Асты-үсті жеріміздің байлығын тонап, ұрлап, одан қалды Қытайға шүленше таратып, біздерді, яғни қалың қазақ халқын тыр жалаңаш қалдырғаның аздай, Атамекен туған жерімізді