Жуырда белгілі бір азаматтың тұсау кесер тойында қонақта болып қалдық. Өздерін зиялылар қатарына қосып жүрген үш әйел қайшыларын қайшылап, енді ғана қадам баса бастаған жас қыз баланы жарты сағат бойы шырылдатып, тұсауын үш мәрте кессе (дұрысы қырықса, себебі қайшымен қырықты ғой) бола ма?! Бірі шығыстағы қысық көзді көршіміз синтетикалық мақтамен ширатып әзірлеп берген базардағы ала жіппен, екіншісі кепкен тоқ ішекпен, үшіншісі қураған көк шөппен. Үшеуі де еңкейіп-тұруы қиындау әйелдер екен, ала келген «жіптерін» сондағы қызметте жүрген келіндеріне байлатты. Еңкейе алмайтын бірі, тіпті ортаға үлкен үстел қойдырып, баланы соның үстіне шығарып, күрмеуін шешті. Негізі дәстүрде «күрмеуін кесу» деп аталушы еді, бұл жолы қолдарында қайшы жүргендіктен «күрмеуін қырқу» деп қабылдадық. Мұны көрген қасымда отырған жасы тоқсанға тақап қалған Ысқақ қария қайта-қайта басын шайқаумен болды. – Қазіргі тұсау кесер тойларыңа бірінші рет қатысып отырмын, – деді сосын. – Өзгеріп кетіпсіңдер! Тұсауды қ