Найти тему
Мурат Сайрамбеков

Кіндік қаны тамған жерім.

Кіндік қаным тамған жерім Өлеңтім,

Сен деп өстім еркеледім бой жеттім.

Жүрегімде сақталасың мәңгілік,

Ауылымды мақтанышпен өрлеттім.

Туған жерім алтын бесік тұғырым,

Сәби болып келіп кетті жүгіргім.

Екі аяқпен баса алмаймын жерді анық,

Күнде,күнде қиялыма үңілдім.

Туған жерім кең жайлауы бесігім,

Әр бір сәби ашты дүние есігін.

Тәрбиесі сақталған еш бұзылмай,

Жырға қосам туған жердің есімін.

Туған жерім алтын ұям Өлеңтім,

Мен сен үшін жанымды

да берермін.

Аққу болып ұшсам деймін көгіңде,

Ақындық пен өлең жазып көсілдім.

Туған жерім асыл қазына байлығым,

Алла берген тәуелсіздік ай,күнім.

Қанын төгіп ата бабам ап берген,

Сен қымбатсың туған жерім жалғызым.

Тыныш болсын заман мына құбылған,

Келер ұрпақ нәр алсыншы жырымнан.

Өлең жаздым Өлеңтіме арнап бір,

Тәуелсіздігім түспесінші тұғырдан.