Өмір дегеніміз- адам баласының туған күннен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.Өмір былайша алып қарағанда төрт- ақ әріптен тұратын сөз.Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десенші
Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады
Киындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады.
Бір ағамыз: „ Өмір- сырын білгізбейтін тентек ат секілді қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласын” деген екен
Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз.
Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір- бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.